HP EliteDesk 705 35W G4 Desktop Mini PC Manuel d'utilisateur Page 14

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 57
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 13
3 Құрылғы жаңартулары
Қызмет көрсету функциялары
Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15
немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет.
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар қаупінің алдын алу үшін:
Айнымалы ток сымын розеткадан айырып, ішкі бөліктерді ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Ток айырын істен шығармаңыз. Ток айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы ток розеткасына
қосыңыз.
Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Инструкция безопасного и удобного использования
(Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығын оқыңыз. Бұл Инструкция безопасного и удобного
использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығында маңызды электр және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Инструкция безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау)
нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo веб-сілтемесінде қарауға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөліктерін
бүлдіруі мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разряд (47-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөліктерді
зақымдамас үшін компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
8 3-тарау Құрылғы жаңартулары
Vue de la page 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 56 57

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire