HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 37

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 89
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 36
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера
мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютердің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға
болады.
Камераға кіру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз және
қолданбалар тізімінен
Камера опциясын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (тек таңдаулы өнімдерде ) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам дискілер
ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, құлақаспаптарды
немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио шығыс
(құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл нұсқаулыққа кіру үшін Пуск (Бастау) түймесін, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и
поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) және содан кейін Документация НР (НР құжаттары)
түймесін таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 27
Vue de la page 36
1 2 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 ... 88 89

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire