
3 Веб камераны пайдалану
Монитормен бірге берілетін ықшам дискіден CyberLink YouCam бағдарламалық құралын жəне
драйверін орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Монитор мен компьютер арасындағы USB байланыс веб камераның жұмыс істеуі
үшін қажет. Веб-камера VGA кабелі графикалық интерфейске қолданылған жағдайда істемейді.
Веб камераны мына əрекеттер үшін пайдаланыңыз:
●
Компьютердегі файлдардан бейнелер жасаңыз.
●
Көретін суреттер жасаңыз, дұрыстаңыз, өңдеңіз, жіберіңіз жəне басып шығарыңыз.
●
Жетілдірілген күнтізбе жəне оны ортақ пайдалану үшін бейне жазбалар жасаңыз.
●
HP MyRoom немесе басқа үйлесімді бағдарламалар көмегімен тікелей бейне тілдесулер
жүргізіңіз.
●
Жанды бейнелерді сақтау, жіберу, интернетке шығару немесе дискіге жазу үшін
фильм
жасайтын бағдарламаға импорттаңыз.
YouCam бағдарламасын ықшам дискіден орнату
YouCam бағдарламасын орнату:
1. Монитормен бірге берілген медиа дискіні компьютердің оптикалық драйвына салыңыз.
2. CyberLink YouCam орнату опциясын таңдап, орнату файлын қосыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Веб камера бейнесі мен суреттерді түсіру
Берілген ықшам дискіден орнатылған CyberLink YouCam бағдарламасын пайдалану:
1. Бастау түймесін басыңыз.
2. Барлық бағдарламалар, CyberLink YouCam тармағын, содан кейін CyberLink YouCam
тармағын қайтадан басыңыз.
3. Нұсқау бейнені көру үшін Үйрену түймесін басыңыз.
Бейне чатпен сөйлесу немесе конференциялық
қоңырау соғу
Бейне чат орнату үшін интернет байланысы, ISP жəне интернет арқылы бейне қоңыраулар
соғуға мүмкіндік беретін бағдарлама болуы керек. Чат немесе жылдам хабар алмасу
бағдарламасы ретінде бір уақытта бір немесе бірнеше адамдармен сөйлесу үшін осы
бағдарламаны пайдалануыңызға болады. Бұл бағдарлама жеке тіркелуді қажет етуі мүмкін.
Тор микрофонмен дыбыс жазудың қолайлы ара қашықтығы микрофоннан шамамен 5
метр (2
фут).
YouCam бағдарламасын ықшам дискіден орнату 19
Commentaires sur ces manuels