HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 61

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 132
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 60
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат
жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен
бір тармақты таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз,
содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс
істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше
хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту
қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге
жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан
сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады.
Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге
жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс
мерзімі əртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде
сақтау батареяны зарядтайды жəне де қуат берілмей қалған жағдайда
жұмысты қорғайды. Компьютерде
KKWW Қуат параметрлерін орнату 51
Vue de la page 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 ... 131 132

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire