HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 97

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 132
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 96
10 Күтім
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад
модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын
арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз.
BIOS нұсқасын
жаңарту (99-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютердегі BIOS бағдарламасы
жаңартылмаған болса, амалдық жүйенің түрлі мəселелері орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін. Қандай
да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда тұрақты электр
тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін
шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып,
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы жад модулі астыңғы жад ұясында, бос болған жад модулі үстіңгі жад ұясында
орналасады.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу (54-бет) бөлімін қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу (68-бет)
бөлімін қараңыз).
5. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:
KKWW Жад модулін қосу немесе ауыстыру 87
Vue de la page 96
1 2 ... 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 ... 131 132

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire