HP ZBook 15 G3 Base Model Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 103

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 109
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 102
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз.
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Сымсыз немесе сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін, Windows жұмыс үстелінің
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое
соединениеелілік қосылыс) белгішесін басыңыз. Құрылғыны қосу үшін, құрылғының атын
тінтуірмен басыңыз және Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз. Құрылғыны ажырату
үшін, құрылғының атын тінтуірмен басыңыз және Отключиться (Ажырату) түймешігін басыңыз.
Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
DSL немесе кабель модемі және оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар
жанғанына көз жеткізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне және кабель немесе DSL
модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз.
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Диск ойнатылмайды
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық ашық
болған бағдарламаларды жабыңыз.
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
Дискінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүлгіленген сумен және түксіз матамен
тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні электрондық
бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен қалпына келтіріңіз.
Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз.
Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Әйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын
ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нетоқ) түймешігін басыңыз.
Жоқ түймешігі басылғаннан кейін компьютер мына әрекеттердің біреуін жүзеге асырауы мүмкін:
Ойнату жалғасуы мүмкін.
– немесе –
Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту
үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату)
түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз
қажет.
Мәселелерді шешу 91
Vue de la page 102
1 2 ... 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire