HP ZBook 15 G3 Base Model Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 75

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 109
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 74
DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу
үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз.
4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools
(Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter түймесін
басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock
құпиясөзін орнату) пәрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
7. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты
ажырату) пәрменін таңдаңыз.
8. Басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. DriveLock password on restart (Қосылғандағы DriveLock құпия сөзі) құсбелгісін алып тастаңыз
және ескерту хабарын оқыңыз. Жалғастыру үшін OK (Иә) пәрменін таңдаңыз.
10. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану
Бірнеше пайдаланушы болғанда, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады. Автоматты
DriveLock құпия сөзі функциясы қосылғанда, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock басты
құпия сөзі сіз үшін жасалады. Кез келген пайдаланушы құпия сөз куәлігін тапсырғанда, диск құлпын
ашу үшін, сол кездейсоқ пайдаланушы және DriveLock басты құпия сөзі қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімші құпия сөзі
сізде болуы тиіс.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу
Computer Setup қызметінде Автоматты DriveLock құпия сөзі функциясын қосу үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 63
Vue de la page 74
1 2 ... 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 ... 108 109

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire