HP ZBook 15 G3 Base Model Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 40

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 109
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 39
5 Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген веб камера
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам
алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа әрекеттері пернелері болу мүмкін:
Медиа түймешіктері
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
Медиа пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның
ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына жалғау арқылы қосуға
болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
(32-бет) бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мыналарды пайдаланып реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
28 5-тарау Мультимедиа
Vue de la page 39
1 2 ... 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 ... 108 109

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire