HP ZBook 15 G3 Base Model Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 51

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 109
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 50
Күйін қосу және одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса
батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
Күту күйін қосу үшін
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Гибернацияүту) пәрменін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану
Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Қуат
көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көрсету
үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін басып,
тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту
қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 39
Vue de la page 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 108 109

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire