HP ZBook 15 G3 Base Model Mobile Workstation Manuel d'utilisateur Page 27

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 109
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 26
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы – Компьютерлерді корпоративті офистер, үй және
әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті
желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол
жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth құрылғысы - компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке
аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, «Анықтама және қолдау» бөліміндегі
ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі (осы
тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager құралымен (тек
таңдаулы өнімдерде) қосуға немесе өшіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы
немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі» термині осы
нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін білдіреді.
Сымсыз желіге қосылу 15
Vue de la page 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 108 109

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire