
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғысын теңшеу мен пайдалану туралы
ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth жəне интернетке қосылуды ортақ пайдалану (ICS)
НР компаниясы Bluetooth мүмкіндігі бар бір компьютерді басты компьютер ретінде орнатып,
оны басқа компьютерлер Интернетке қосылатын шлюз ретінде пайдаланбауды ұсынады. Екі
немесе одан да көп компьютер Bluetooth арқылы қосылған кезде жəне компьютерлердің
біреуінде Интернетке қосылуды ортақ пайдалану мүмкіндігі қосылған кезде басқа
компьютерлер Интернетке Bluetooth желісі арқылы қосыла алмауы мүмкін.
Bluetooth құрылғысының күші компьютер мен сымсыз құрылғылардың
(соның ішінде ұялы
телефондар, принтерлер, камералар жəне қалта компьютерлері) арасындағы ақпараттың
тасымалдануын қадамдастыруда. Екі немесе одан да көп компьютердің Bluetooth арқылы
интернетті ортақ пайдалану үшін үздіксіз қосылу мүмкінсіздігі Bluetooth жəне Windows амалдық
жүйесінің шектеуі болып табылады.
Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8 істікшелі RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
Егер желілік кабельде ТД жəне радио сигналдарындағы кедергілерді болдырмайтын кедергіні
жаншу схемасы (1) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын (2) компьютерге қарай
бағыттаңыз.
Желілік кабельді жалғау үшін
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
22 Бап 3 Желі орнату
Commentaires sur ces manuels