Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерге
орнатылған кезде жəне АТ адаптері компьютерден ажыратылған кезде, компьютер автоматты
түрде батарея қуатына ауысады жəне батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін дисплей
жарықтығы төмендейді. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты
басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
● Батарея жұмысын тексеруге арналған Анықтама жəне қолдау бөлімінде орналасқан
Battery Check (Батареяны тексеру) құралы
● Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы
ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) > Обучение (Үйрену) > Часто задаваемые вопросы: в схемах управления
питанием (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Энергосбережение (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының
жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді сөндіріңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
АТ адаптері/батарея шамы батареяның төмен немесе өте төмен заряд деңгейіне жеткенін
көрсетеді.
42 Бап 6 Қуат басқару
Commentaires sur ces manuels