
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін дыбыс деңгейін реттеу пернелері арқылы реттеуге болады. Қосымша
ақпаратты
Əрекет пернелерін пайдалану 29-бетте бөлімінен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
Компьютерде аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютердегі аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Проверка
(Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Керек-
жарақтар) > Устройство звукозаписи (Дыбысты жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз
.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
32 Бап 5 Мультимеда жəне басқа да мүмкіндіктер
Commentaires sur ces manuels