HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Manuel d'utilisateur Page 87

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 100
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 86
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылып тұрғанда бағдарламалық құрал немесе пернетақта пəрмендеріне
жауап бермесе, апаттық өшіру іс ретін берілген тəртіппен орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін. Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін
суытып алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштің ашық тұрғанын
тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты
қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар,
жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология
жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін
пайдаланушыға рұқсат етілген бет температурасына сай келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып
кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-
өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының, əсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
Дұрыс жəне жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Компьютердегі сымсыз байланыс күйінің шамы қосулы (ақ) тұрғанын тексеріңіз. Егер
сымсыз байланыс шамы өшірілген болса, оны қосу үшін f12 əрекет пернесін басыңыз.
Құрылғының сымсыз антеннасы ештеңемен жабылып қалмағанын тексеріңіз.
Ақаулықтарды жою 77
Vue de la page 86
1 2 ... 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 ... 99 100

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire