HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Manuel d'utilisateur Page 79

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 100
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 78
11 Setup Utility (BIOS) жəне System
Diagnostics
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРІМ: Setup Utility (BIOS) ішінде өзгеріс енгізгенде аса мұқият болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Setup Utility (BIOS) утилитасын басу
Setup Utility (BIOS) утилитасын қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасының тілін өзгерту
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. System Configuration (Жүйе конфигурациясы) > Language (Тіл) тармағын таңдау үшін,
көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
3. Тілді таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
4. Растау ұсынысы таңдалған тілде көрсетілгенде, enter пернесін басыңыз.
5. Өзгерісті сақтау жəне Setup Utility (BIOS) утилитасынан шығу үшін, көрсеткі пернелері
арқылы Exit (Шығу) >
Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу) тармағын таңдап,
enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер бірден іске қосылады.
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану 69
Vue de la page 78
1 2 ... 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 ... 99 100

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire