HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Manuel d'utilisateur Page 65

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 100
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 64
Қауіпсіздік бағдарламалық құралының орналасқан
жерін табу (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) қауіпсіздік бағдарламалық құралдарының
жинағына жылдам кіруге арналған орталық орнын қамтамасыз етеді. Бұл қолданбалар
тапсырмаға сəйкес ұйымдастырылады. «Пуск» (Бастау) мəзірінің «Панель управления»
(Басқару тақтасы) пəрмені арқылы əр қолданбаны іздеудің орнына HP Security Assistant (НР
қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасы төмендегідей қауіпсіздік тапсырмаларын орындау үшін
қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік береді:
Интернет жəне вирусқа қарсы қауіпсіздігінің параметрлерін
орнату
Файлдардың сақтық көшірмелерін жасау жəне қалпына келтіру
Құпиясөздер, пайдаланушы есептік жазбалары мен ата-аналық бақылау элементтерін
басқару
Компьютерге күтім көрсету жəне НР мен Windows жаңартуларының ең соңғы нұсқаларын
орнату
HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита (Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP
Security Assistant (НР
қауіпсіздік реттеушісі) тармағын таңдаңыз.
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпиясөз түрін орнатуға болады. Мысалы,
компьютерді бірінші рет орнатқанда оны қорғауға пайдаланушы құпиясөзін орнату сұралады.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility
(BIOS) утилитасында орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді
пайдалануға
болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін əр құпия сөзді жазып алып,
компьютерден басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөздерді компьютердегі файлда
сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпиясөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн.
Əріптер, тыныс
белгілері, таңбалар жəне сандары бар ұзын құпиясөз мінсіз болып
табылады.
Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне
құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Қауіпсіздік бағдарламалық құралының орналасқан жерін табу (тек таңдаулы
үлгілерде)55
Vue de la page 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 99 100

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire